Атырау, 23 қараша 09:32
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҰҰ Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарарды қабылдады

594 просмотра
фото: freepik.com

Жоба 21 араб елінің қатысуымен әзірленді. Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Гилад Ердан Бас ассамблеяның қарарын "екіжүзді" деп атады, себебі онда ХАМАС туралы ешқандай нәрсе айтылмаған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ, Парагвай, Австрия және Израиль қарсы дауыс берген 10 елдің қатарында болды. Ал Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды және Украина дауыс беруден қалыс қалған 23 елдің қатарына енгізілді.

"Енді кез келген атысты тоқтату ең жақсы жағдайда уақытша болады, ал ең нашар жағдайда — үздіксіз шабуылдарға ұшырайтын израильдіктер үшін қауіп тудырады. Сонымен қатар, палестиналықтар үшін бұл жағдай қауіпті болады. Өйткені, бұл ХАМАС-тан құтылу арқылы өздері үшін жақсы болашақ құру мүмкіндігі болып табылады", - деп түсіндірді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд дауыс берудің алдында.

13 желтоқсан 2023, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.