Атырау, 26 қараша 05:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау облысында қолайсыз ауа райы сақталады

1 088 просмотра

Шаңды дауыл ертең де болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кешелі бері Атырауда облысында жел көтеріліп,  секундына 15 метр сек жылдамдықпен соққан жел тұрғындардың жүріп-тұруына кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан шаңды дауыл көтерілді. Оған қоса  ауа температурасы -12 градусқа төмендеді. Синоптиктердің 12 желтоқсанға жасаған болжамы бойынша желдің ұйытқуы қалада 15-20 м/сек, облыста екпіні 23 м/сек-қа дейін көтерілуі мүмкін. Атырау облыстық білім беру басқармасы ауа-райын болжау орталығы берген мәліметтерге сүйене отырып, ертең, 13 желтоқсанда Атырау қаласындағы жалпы білім беретін мектептер қашықтықтан оқитынын хабарлайды. 

- Ертең жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/сек, оңтүстігі мен шығысында 23м/сек соғады. 16 желтоқсаннан бастап Атырау облысы төменгі қысым аймагында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі. 16-17 желтоқсанда жауын шашын (қар, жаңбыр) жауып, тұман, көктайғак болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 0-5 аяз шамасында . Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып 2-7 м/сек соғады деп күтіледі,- деді А.Казгулова.

Мұндай қолайсыз күнде облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тұрғындарға мүмкіндігінше далаға шықпау туралы кеңес береді.

- Әсіресе бронх демікпесі, аллергиялық ринит, аллергиялық конъюнктивит, тамақтың қышынуымен жүретін жөтел, бронхит, бронхтың гиперреактивтілігі және басқа да созылмалы респираторлық аурулары бар адамдарға көшеге шықпау қажет. Өйткені мұндай ауа құрамында шаңмен бірге, өсімдік тозаңдары,замбұрық споралары өте үлкен концентрацияда болады. Сондықтан аурулары бар адамдар дәрігер кеңесімен аллергияға қарсы дәрі-дәрмектің дозасын асыру керек болады. Көшеде серуендеу кезінде міндетті түрде медициналық маска киіп, оларды әр екі сағат сайын ауыстырыңыз. Кішкентай балаларға, жүкті әйелдерге және қарт адамдарға да мұндай жағдайда сақ болу ұсынылады,-деді басқарма басшысы Қ.Абдалиев.

12 желтоқсан 2023, 21:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.