Атырау, 27 қыркүйек 09:13
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Монополияға қарсы қызмет теміржол компаниясына айыппұл салды

752 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп,  «Batys Trans Group» ЖШС-нің іс-әрекеттерінен монополияға қарсы заңнама бұзушылықты анықтады.

Компания монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру және мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды немесе шарттарды қолдану арқылы өз жағдайын теріс пайдаланған.

Көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «Batys Trans Group» ЖШС-іне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі және 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Batys Trans Group» ЖШС-іне 52 млн теңгеден астам сомадағы монополистік кірісті тәркілеумен 23 млн теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды.

12 желтоқсан 2023, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.