Атырау, 23 қараша 09:20
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шетелге шығуға тыйым салынған ресейліктер 11 желтоқсаннан бастап паспорттарын тапсыруға тиіс

646 просмотра

Желтоқсанның 11-інен бастап Ресейде жаңа ереже күшіне енді. Бұл ереже бойынша шетелге шығуға тыйым салынған Ресей азаматтары қолдарындағы шетел паспортын мемлекеттік органдарға өткізуге тиіс. Мұның әскерге шақырылатындарға да қатысы бар, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Үкімет қаулысына қарағанда, паспортты бес күн ішінде ішкі істер министрлігі мен сыртқы істер министрлігіне немесе өз қызметкеріне шетелге шығуға тыйым салған мемлекеттік мекемеге өткізуге тиіс.

Көрсетілген мерзімде тапсырылмаған паспорт заңсыз саналады. Оны шекарада күштеп алып қояды.

Шетелге шығуға шектеу күші жойылғанда ғана паспорт қайтарылады. Бұл ереже әскер қатарына шақырылатындарға да қолданылады. Әскерге шақырылғаны туралы жұмыс орнына немесе оқу орнына хабар берілгені жайлы бірыңғай әскери есеп реестріне ақпарат тіркелген соң бес күн ішінде әскерге шақырылған азамат паспортын өткізуге тиіс.

12 желтоқсан 2023, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.