Атырау, 24 желтоқсан 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жақсылық жасаған жөн

972 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Ауа райы құбылған ерекше суық күндері адамдарға қол ұшын берген жөн-ақ. Егер көз алдыңызда адамның тоңып жатқанын көрсеңіз, не істеу керек?

Қалада қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы (бұрын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды бейімдеу орталығы деп аталды) бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Бұл мекеме екі стандарт бойынша– үйсіз жүрген адам түней алатын жер және тұрақты ыстық тамақ берілетін толық тұруға арналған уақытша баспана ретінде жұмыс істейді. Бірақ бір жайт - оған түнде ғана кіруге рұқсат етіледі, белгілі бір рәсімдерден кейін, содан соң сот шешімімен толық қызмет алуға болады. Бірақ дәл қазір -18 градус қатты жел соғып тұрғанда сот шешімін немесе келесі түнді күту ешкімге оңай емес. Мұндай күндері облыс әкімдігінің тапсырмасымен тәулік мезгіліне қарамастан ол жерге барлығы қабылданады.

Ең сенімді әдіс - 102 нөміріне қоңырау шалып, кейіпкерді келген экипажға тапсыру. Бұл, әрине, полицияға ұнамайды, бірақ олар шақыруды қабылдайды. Бұл тексерілген әдіс.

Сондай-ақ, Құбаш Медеубаев (бұрынғы Лесхозная), 7 А мекенжайына такси шақырып, ақшасын төлеуге болады. Бұл қымбатқа түсіп, аздап қиындық тудыруы мүмкін, бірақ бұл жақсылығыңыз жаныңызды жай таптырары сөзсіз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

12 желтоқсан 2023, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.