Атырау, 27 қыркүйек 09:16
 ашықВ Атырау +20
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Құрманғазы ауданында округ әкімдері сайланды

984 просмотра
freepik.com

2023 жылғы 10 желтоқсанда Құрманғазы ауданының 4 сайлау округі бойынша ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9-тармақшасы, 44-бабының 2-тармағы, 45 және 113 – 10-баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлау қортындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау нәтежелерін белгіледі:

Азғыр ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Азғыр сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1310 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 909. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны - 9. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: А.С.Әнеске – 651; Н.А.Кайрмеденовке – 139; М.С.Өтеуғалиевқа – 105.

Азғыр ауылдық округінің әкімі болып Әнес Асылбек Сайфоллаұлы сайланды, 1982 жылы туған, Құрманғазы аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Бөкейхан ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Бөкейхан сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1122 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 691. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, «бәріне қарсымын» белгісін белгілегендер саны - 6. Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Б.Т.Вахитовке – 70; Ж.С.Төреғалиевқа – 549; А.Е.Шамеровке – 55;

Бөкейхан ауылдық округінің әкімі болып Төреғалиев Жусіп Сүлейменұлы сайланды, 1972 жылы туған, Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Кудряшов ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Кудряшов сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1426 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 837. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 13, «бәріне қарсымын» белгісін белгілегендер саны - 21. Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны: А.Н.Нұрлановқа – 79; Р.К.Сиражевке – 173; Э.Б.Хайруллинаға 551.

Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып Хайруллина Эльмира Батырбекқызы сайланды, 1981 жылы туған, Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Нұржау ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Нұржау сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1625 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 737. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 80, «бәріне қарсымын» белгісін белгілегендер саны - 3. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: А.Ф. Зинулаевқа – 291; М.Р. Мұғалімге – 359; Т.М. Саиновқа-1, Р.М.Өмірзақовқа- 3.

Нұржау ауылдық округінің әкімі болып Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы сайланды, 1985 жылы туған, Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округінің  әкімі,  Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 желтоқсан 2023, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.