10 желтоқсан күні Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында әкім сайлауы өтті.
Жалпы сайлауға 2504 адам енгізілсе, оның ішінде 1282-сі қатысты. Жарамсыз бюллетень саны 13 болса, 24 адам үш кандидаттың бәріне қарсы болған еді. Сайлау қорытындысында Д. Нұрмұханов - 243, С. Досқалиев - 385, Ж. Еркінов - 617 дауысқа ие болды. Осылайша халық таңдауына орай «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат, 1997 жылғы Жанғазы ЕРКІНОВ Қосшағыл округінің әкім болып сайланды. Еркінов бұған дейін Құлсары қаласы әкімдігінің бас маманы болған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА