Атырау, 21 желтоқсан 16:33
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Екінші және үшінші ауысым оқушылары онлайн оқытуға көшеді

886 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бүгін, 12 желтоқсанда Атыраудағы барлық мектептің екінші ауысым оқушылары қатты желдің болуына байланысты онлайнға көшірілді.

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, яғни желдің ұйытқуы 30 м/с болуына орай 12.12.2023 күні барлық қала  мектептері екінші ауысымда онлайн режимінде оқиды", - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Үшінші ауысым да онлайн оқыту форматына көшеді. Ата-аналардың бірінен №3 мектеп-гимназиясының кейбір бірінші ауысым сынып оқушыларын кабинеттер салқын болғасын үйлеріне қайтарғанын білдік.

- Бұл бір күн бұрын судың жүрмей қалуына және жылу мәселесінің орын алуына байланысты болуы мүмкін бе?

– Оқушыларды онлайнға көшіру себебі су жинау станциясындағы апаттың салдары болуы мүмкін бе?

- Барлық мектепте су мен жылу бар, - деп жауап берді білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.

Айнұр САПАРОВА

12 желтоқсан 2023, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.