«Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Атырау облысында автогаздың 1 литрінің бағасы 54 теңге, шалғай елді мекендерде (Атыраудан әрі қарай 200 шақырым) 59 теңге болып қалады.
Бұл ретте министрлік бұған дейін бағаның біртіндеп көтерілетінін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, ведомство 2023 жылдың желтоқсан айына облыстарға автогаздың қосымша көлемін бөлді:
Ақтөбе облысы – 1800 тонна;
Атырау облысы – 1500 тонна;
БҚO - 700 тонна;
Қостанай облысы – 700 тонна;
Қызылорда облысы – 504 тонна;
Ұлытау облысы – 396 тонна.
Жомарт ӘМІРХАНОВ