Биыл Атырау қаласының орталық көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне ағымдық жөндеуден өткізу жұмыстарына қаражат көзі қарастырылды.
Мердігер мекеме - «Жайық Сити» ЖШС. Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда Исатай Тайманов, 58 және Б. Құлманов, 107 тұрғын үйлерінің қасбеттері жөнделуде.
Жолдың бойындағы үйлердің қасбетін жөндеу келесі жылы да жалғасады. 2024 жылға конкурс жарияланды, әзірге мердігер мекеме анықталған жоқ. Жөнделетін үйлердің тізімі шықпады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор