Атырау блогерлерінің жазбаларында балконнан құлаған әйелдің видеосы тарап жатыр. Қайғылы оқиға Атырауда Жилгородок ықшамауданында болған делінген. Алайда облыстық ПД баспасөз хатшысы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл оқиға Атырауда болмаған.
Жаңалықтар мониторингі оқиғаның Ресейдің Кисловодск қаласында болғанын көрсетті.
Видеода балконда тұрған қызды көруге болады. Ол қорқып тұрмын деп айқайлап, балкон арқылы өтуге тырысып жатыр. Қасында тұрған ер адам оны тоқтатуға тырысып, үйге кіруін өтінеді. Алайда әйел балконнан түсіп, төмендегі пәтердің терезесін сындырып, кейін құлап кетеді.
Ал, балконнан құлаған қыздың жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм есірткіге мас күйінде болған», - деп хабарлайды ресейлік жаңалықтар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА