Атырау, 26 қараша 06:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атыраулықтар неліктен демалыс күндері сусыз қалды?

Бейнежазба
816 просмотра

Жексенбі күнгі таңертең атыраулықтар үшін қиын болды: түнде «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тұрғындарға шәуіштің түзілуіне байланысты су қабылдау құрылыстарының тоқтатылғаны туралы хабарлады.

Шәуіш – қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын жұқа қатқан мұз. Сорғылар бітеліп, Атырау тұрғындары сусыз қалды. Осы себепті кейбір аудандарда жылу да тоқтап қалды, өйткені заманауи қазандық жабдықтарында сусыз газ берілмейді. Айта кетейік, бүгін Атырау қаласында ауа температурасы 9 градус аяз болып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін қатты жел тұрды.

Әлеуметтік желіде ашынған тұрғындар бұл жағдайды Жайық өзенінің тайыздануымен байланыстырды. Осы тақырып бойынша интернеттен шолу жасағанда шәуіштің пайда болуы негізінен төрт факторға: өзен жылдамдығына, су ағысына, яғни жағалаудан желдің әсерімен судың қайтуына, ауа температурасының және өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты екенін көрсетті.

Шын мәнінде, шәуіш әдетте судың жоғарғы қабатында түзіледі және мұз қатудың хабаршысы болып табылады. Өзен ағысына қарсы соққан желдің әсерінен су деңгейі төмендеп, сорғылар мұз қабыршақтарымен бітеліп қалуы мүмкін.

Қаламыздағы су жинайтын тоған Бірінші учаске маңында, Белинский көшесінің бойында орналасқан. Ол жердегі сорғылар тиесілі деңгейден жоғары жерде орналасқан деген болжам бар.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, мұндай жағдай ауа райының күрт суытуына және Жайық өзеніндегі су қозғалысы жылдамдығының төмендігіне байланысты туындаған. «Қазіргі уақытта барлық жұмыс аяқталып, су жиналып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта кейбір аудандарда су беру қалпына келтірілгені белгілі болды.

«10 желтоқсан күні таңғы сағат 4:30-да қалалық желілерге су берілді (төмен қысымда, апатты жағдайларды болдырмау үшін). Бұл ретте, «Атырау-Мақат» магистральдық құбыры бағытында, оның ішінде Береке (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарында техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді, - деп хабарланды сағат 11:00-дегі баспасөз хабарламасында. - «Атырау облысы Су Арнасы» КМК мұз қабыршақтарының кептелуін жою және су тазарту қондырғысының сорғы станцияларын шәуіштен тазарту мақсатында құбырды тазарту жұмыстарына облыстық ТЖД күштері жұмылдырылды. Дегенмен, ТЖД бұйрық регламентіне сәйкес, түнгі уақытта тазарту және басқа да суға батыру жұмыстары жүргізілмейді. Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері таңғы сағат 8:00-ден бастап тазарту жұмыстарына кірісті.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі ақауларды жою жұмыстары жалғасуда».

«АЖ» -ға белгілі болғандай, орын алған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Сағат 12.30-ға қарай облыс әкімдігінің баспасөз хатшысының мәліметінше, осындай жұмыстар жүргізуде тәжірибесі бар Атырау мұнай өңдеу зауытынан қосымша бригадасы жұмысқа кірісті.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Атырау қаласы әкімдігі жолдаған суреттер мен бейнежазба

10 желтоқсан 2023, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.