«Атырау облысы су арнасы» КМК бүгін түнде Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына аяздың басталуына және судың жылдамдығының төмендеуіне байланысты қала мен қала маңындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ететін Жайық өзенінде мұздың қалыптасқанын хабарлады.
Осы себепті су алатын құрылыстардың сорғы станцияларынан су алынатын жерлерде мұз (шәуіш) пайда болды. Бұл құбылыс қаланың су қабылдағыш құрылымдарының жұмысын тоқтатты.
Қазіргі уақытта барлық жұмыс орындалып, су алу жұмыстары жүріп жатыр. Сумен толық қамтамасыз ету 2-3 сағат ішінде қалпына келтіріледі. Аталған орында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, қала әкімі Шәкір Кейкин бар. Жағдай облыс басшылығының бақылауында.