Атырау облысының Жылыой аудандық сотында айыпталушы З.И.-ға қатысты ҚК-тің 131-бабының 1-бөлігімен ("Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту") жекеше айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.
Жәбірленуші А.Т. арызында З.И.-дың «WhatsApp» желісі арқылы өзінің абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін дыбыс-жазба жолдағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.
Сот іске қатысушыларды тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, сот-психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысын зерделеп, сотталушы З.И-дің іс–әрекетінде ҚК-тің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы бар деп тапты.
Алайда шағымданушы З.И.-ды ҚК-тің 131-бабының 1-бөлігімен жауаптылыққа тарту туралы арыздануына байланысты, сот істі жеке айыптаудың шеңберінде қарады.
Сот үкімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 69 000 теңге айыппұл салынды. Сотталушы З.И.-дан жәбірленушінің пайдасына сараптама жүргізумен байланысты 293 250 теңге сот процестік шығындары өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.