Атырау облысының Махамбет аудандық сотында азаматша Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, азаматша Ш. «Lada» маркалы автокөлігін Сарайшық ауылында басқара отырып, жол қиылысынан өту ережелерін сақтамай, К.-ның басқаруындағы автокөлікке соқтығысқан. Жол‑көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленушіге материалдық залал келтірілді.
Сот отырысында Ш. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеніп, соттан көлік басқару құқығынан айырмай, айыппұл түріндегі жазаны қолдануды сұрады.
Сот Ш.-ның отбасылық және материалдық жағдайын, оның асырауында кәмелетке толмаған төрт бала барын ескере отырып, қысқартылған тәртіппен 48 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.