Атырау, 11 шілде 00:34
 дождьВ Атырау +28
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Атыраулық қақпашы даниялық «Кёгеге» ауысты

1 109 рет қаралды

«Атырау U21» командасының қақпашысы Дулат ТАЛЫСПАЕВ Данияның «Кёге» футбол клубына ауысты.

Бұл туралы «Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлады. Екі клуб арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, Даниядағы оқу-жаттығу жиынынан кейін біздің қақпашымыз «Кёге» футбол клубының басшылығымен келісімшартқа отырған.

Дулат биылғы ақпан айында атыраулық команданың оқу-жаттығу жиынында даниялық бапкерлердің назарына іліккені белгілі. Мұнда ол 8 матчта 41 сейв жасап, өзіндік рекорд орнатты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 желтоқсан 2023, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.