Атырау, 4 ақпан 16:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Дронға тосқауыл болды

872 рет қаралды

Атырауда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлері күзет мекемесінің аумағына дрон арқылы есірткі өткізу әрекетін тоқтатты.

ҚАЖД №15 мекемесінің (орта қауіпсіздік ерлер колониясының) қызметкерлері, сондай-ақ ІІБ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚБ) қызметкерлері күдіктілер Н.Р. мен И.Р.-ды ұстады.

Олардың Mersedes-Benz автокөлігінен арнайы иісі бар қою-жасыл түсті зат, трамадол (26 дана) және тропикамид (6 дана) психотроптық препараттары бар лентаға оралған 8 пакет, сондай-ақ қашықтан басқарылатын бір дрон аппараты табылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД ұсынған сурет

8 желтоқсан 2023, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.