Атырау, 26 қараша 07:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Еуроодақ Каспий мен Аралды құтқаруға көмектеседі

Бейнежазба
578 просмотра

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЕО-тың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Терхи Хакаламен Арал мен Каспийді құтқару мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылады.

Арнайы өкіл Еуроодақ елдері Қазақстанмен су ресурстарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға ниетті екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, министрлік әзірлеп жатқан Жаңа Су Кодексі және Орталық Азияда халықаралық су-энергетикалық консорциум құру жоспарлары туралы әңгіме болды.

Нұржан Нұржігітов ЕО елдері халықаралық Аралды құтқару қорына қолдау көрсетіп жатқанын атап өтіп, көлді қалпына келтіру жобасының екінші кезеңі туралы айтып берді. Оны іске асыру келесі жылы басталуы тиіс. Сондай-ақ, министр елімізде жаңадан құрылып жатқан Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтымен өзара іс-қимыл шеңберінде Каспийді сақтау жөніндегі бастамаға Еуропалық Одақтың қатысуына қызығушылық білдірді.

«Қазақстан су ресурстарын сақтау бойынша көршілес мемлекеттермен ғана емес, Еуропа елдерімен де ынтымақтастық орнатуға ниетті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміз үшін ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жерасты суларын барлау сияқты мәселелер өзекті болып отыр. Біз табысты ынтымақтастық орната алатын бағыттарды анықтай аламыз деп ойлаймын», - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 

8 желтоқсан 2023, 01:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.