Атырау, 19 қараша 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

"Ембімұнайгаз" АҚ нысанында апатты жағдай орын алды

761 просмотра

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты нысанда апат болғаны туралы хабарлайды.

2023 жылғы 16 қарашада сағат 23:10 шамасында «МұнайСервис ЛТД» ЖШС атқарып жатқан бұрғылау жұмыстары кезінде УАЗ кен орны №103 ұңғымада газ шығып, кейін ол жанып кетпеген. 

Құралды 440-62 м диапазонға көтерген кезде ылғал газ шықты. Алдын ала 40 текше метр көлемінде бұрғылау ерітіндісі дайын тұрды, оның меншікті салмағы - 1,19 г/см2, тұтқырлығы 50 сек, субергіштігі 4,7 см3 болды.

Ұңғыма 350х350 әмбебап превентормен жабылған, ал құрал 61 м тереңдікте болған. Алайда бригада шаршы мен шар-краны бар апатты құбырды бұрғылау құбырына бұрап үлгермеді, сондықтан ұңғыма бұрғылау құбыры арқылы әрекет етті. МГӨБ өкілдері жақын маңдағы ұңғымалардың жұмысын тоқтатты. Төтенше жағдайдағы жұмысқа тартылмаған қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 02:30-да шығарындылар өздігінен басылды. Құрал 250 м тереңдікке түсіріліп, ұңғыма шайылды.

Оқиға орнында «Ақ Берен» ЖШС кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Республикалық орталық штабының күштері мен құралдары болды. "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 83-бабы 1-тармақшасына және 84-бабына сәйкес департаментте  УАЗ кен орнындағы апаттың себебін анықтау үшін комиссия құрылды.

4 желтоқсан 2023, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.