Атырау, 19 қараша 14:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

​Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті АМӨЗ-ді тексерді

545 просмотра

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2023 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінде және қауіпті техникалық құрылғыларында профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында: 7 өндіріс, 24 қондырғы, резервуарлық парктер, қазандық цехы, химия зертханасы және басқалары зерттелді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

4 желтоқсан 2023, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.