Атырау, 19 қараша 14:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын қайта бастады

812 просмотра

2023 жылдың 30 қарашасында КҚК теңіз терминалында танкерлерге мұнай тиеу қайта басталды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қалқымалы шлангілер мен айлақ маңындағы құрылғыларға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде зақымданған құрылғылар анықталды. 

ВПУ-3 құрылғысының сыртқы бөлігіндегі қалқымалы шлангінің зақымданғаны анықталды. Дауылдың салдарынан шланг бүгілген. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде, мұнайдың төгілуіне, авариялық жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында ВПУ-3 құрылғысы пайдаланудан шығарылды. Мұнай төгілген жоқ. Төтенше жағдай туындамады. Тұрғындарға, Қара теңіздің флорасы мен фаунасына қауіп төнбеді.  

Қазір теңіз терминалында мұнайды жөнелту ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғылары арқылы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.  

ВПУ-3 құрылғысындағы қалқымалы шлангілердің бүлінген секцияларын ауыстыру ауа райының қолайлы кезінде қолда бар қосалқы бөлшектермен жүзеге асырылады. Қалқымалы шлангтың зақымдалған секциялары ауыстырылғаннан кейін ВПУ-3 құрылғысының пайдалануға берілгені туралы қосымша хабарланады.

1 желтоқсан 2023, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.