Атырау, 19 қараша 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы күн райының бұзылуына байланысты мұнай тиеуді тоқтатқан

782 просмотра
Фото: freepik.com

Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы күн райының бұзылуына байланысты мұнай тиеуді тоқтатқан, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

"Нвороссийск аймағында секундына 22-24 метр жылдамдықпен дауыл тұрды (сағатына 79,2-86,4 шақырым), толқынның биіктігі 6-8 метрге жетті. Соған байланысты КТК теңіз терминалынан мұнай тиеу тоқтатылды. Резервуарлар толы. Осыған байланысты мұнай қабылдау жылдамдығы азайды" дейді консорциум телеграм-арнасы.

КТК – Қазақстан мен Ресей және әлемдегі жетекші мұнай өндіруші компаниялар қатысатын ірі халықаралық жоба. Құбырдың ұзындығы 1,5 мың шақырым. КТК негізінен Батыс Қазақстан мұнайы мен Ресей мұнайын тасымалдайды.

Құбыр жұмысы 2022 жылы әртүрлі себеппен кемі төрт рет тоқтаған.

2022 жылы Ресей соты Новороссийскідегі КТК терминалын 30 күнге тоқтатқан соң, Қазақстан билігі мұнай тасымалын диверсификациялайтынын жариялаған.

27 қараша 2023, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.