2023 жылдың қазан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 102,3 келі 2 881 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма.
Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 37 046 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 32 677 дана (23%), 100 грамдық құйма – 31 144 дана (21%), 20 грамдық құйма – 25 652 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 17 226 дана (12%).
2023 жылдың қазан айында алтын құймалардың көп бөлігі мына өңірлерде өткізілді: Алматы (1 465 дана, 51%), Шымкент (504 дана, 17%) және Астана (257 дана, 9%).
Еске салсақ, қыркүйекте Атырау облысында 38 алтын құймасы сатылған болатын.