Атырау, 19 қараша 14:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС жауапкершілікке тартылды

974 просмотра

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура органдыларымен бірлескен тексерісте «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

Компания мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану, нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау және контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу арқылы өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдаланған. 

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған сотының қаулысымен ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 324 млн. теңгеден астам мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

24 қараша 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.