Атырау, 25 қараша 18:29
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Енді олар өздерін қожайын сезінбейді»

2 305 просмотра

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНШІНОВТІҢ Атырауға таяуда келген сапарында жаңа мұнай-газ нысандарын іске қосқаннан кейін онсыз да көп ластағыш зат шығарындыларының көлемі екі есеге көбейетіндігі мәлім етілді. Осы проблеманың кейбір аспектілері туралы біз Атырау облыстық экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВПЕН әңгімелескен едік.

ЗАУЫТ ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ ТӨЛЕУГЕ КЕЛІСПЕЙДІ

Ербол Бисенұлы, Ереншіновтің келу сапарында сіздің баяндамаңызда басқа мәселелердің арасында Атырау қаласының тұрғындарының денсаулығына АМӨЗ-дің әсерін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының алдын-ала қорытындылары айтылды. Ақырғы қорытындылар жұртшылыққа қашан мәлім етіледі?

– АМӨЗ бен басқа кәсіпорындардың Атырау қаласының тұрғындары мен қоршаған ортаға әсерін үшжылдық кешенді зерттеу жұмысы алғаш рет жүргізіліп отыр. Зерттеудің екі тарауының әрқайсысы 20 томға дейін болады. Бірақ «қазір тек біз ғана ластап отырған жоқпыз» деп, АМӨЗ әрі қарай қаржыландырудан бас тартқандықтан, жұмыс тоқтап қалды. Ал Атырауда шынымен де тек АМӨЗ ғана ауаны ластап отырмағандықтан, басқа кәсіпорындарды бірігіп қаржыландыруға қалай тартса болады деп ойластырудамыз.

– Таяудағы болашақ газ-химия кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жөніндегі жұртшылық тыңдауында экологтарды неліктен жобалаушылар ҚОӘБ үшін бастапқы күй деп Атыраудағы ауаның қазіргі жай-күйін алғандығы қызықтырды. Олай болса жоба Солтүстік-Каспий жобасының нысандары, атап айтқанда «Болашақ» зауыты іске қосылғаннан кейін қолға алынады ғой.

– Иә, бұл мәселені өңірлік департаменттердің өкілдерімен жабық кеңесте талқыға салдық. Келесі нұсқа ұсынылды: егер кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағы сәйкес келсе, онда олар біріккен ҚОӘБ әзірлеуі тиіс болады. Шығарындылар үшін айыппұлдарға қатысты да солай. Егер шығарынды санитарлық-қорғаныс аймағының шеңберінде орын алса, шығарынды көзін дәлелдеу қиын. Сондықтан ортақ айыппұл салу ұсынылды. Ал көршілес кәсіпорындар қайсысының кінәлі екенін өздері анықтасын. Бұл АМӨЗ бен АЖЭО, KPI мен Аджип ҚКО-ға қатысты.

 

АҒАШТАР ҚАЙДА?

- Тыңдалымда академик Мұфтах ДИАРОВ жұртшылыққа үкіметке хат жазуды ұсынды. Кезінде бірқатар ірі нысандарды («Болашақ» зауыты, газ-химия кешені, ТШО мен АМӨЗ-дің қуаттылығын әрі қарай кеңейту жобалары) салуға рұқсат беру кезінде Атырау халқы үшін ықтимал экологиялық салдары ескерілмеді. Газ-химия кешеніне келер болсақ, дәл қасынан арзан шикізатты – Қашаған газын өндіре бастаған кезде, кешен аумағында 20 шақты зауыт салынатындығы анық жағдай.

– Бұл жерде ештеңе жасай алмайсың, өйткені экономикалық даму сөзсіз орын алады. Содан кейін, КРІ бастапқы кезеңдерде тек Теңіз газын ғана пайдаланатын болады. Екінші жағынан, бұл газды құр босқа жаққанша, жер қойнауын пайдаланушылардан оны кәдеге жаратуды талап етеміз. Бұдан басқа, бұл газды экспорттауға да, әлі күнге дейін көмір пайдаланатын ел өңірлеріне де жіберуге болады. Мұндай жағдайда экологиялық нормаларды қатаң сақтауды талап ететін боламыз.

– Орман қорғау алқаптары үлкен рөлге ие болар еді, бірақ бізде олар жоқ қой.

– Бұл мәселе де талқыланды. Аджип ҚКО-ға келер болсақ, 2008 жылы біз өнеркәсіп аймағы мен қала арасынан орман қорғау алқабын құруды бірлесіп қаржыландыруды ұсындық («Болашақ» зауыты мен вахталық Самал поселкесінің арасына ағаш отырғызумен шатастырмаңыз). Алайда сол кездегі ҚОҚМ басшылығының принциптік емес ұстанымы салдарынан олар өздерін қожайын сезініп, ешқандай шара алуды ойларына да алмады. Енді жағдай басқаша, біздің министрліктің ұстанымы анағұрлым қатаң. Кешікпей біз оларға осы мақсатта әкімнің шешімімен бөлінген Соколок каналының жиегіндегі 1,6 мың га жерді көгалдандыруды ұсынамыз. Суару үшін су бар, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу керек болады. Ал ол жерге жасыл-желектерді көшеттермен емес, тұқымдармен отырғызған жақсы. Бірінші кезеңде ағаштардың сирек түрлерін емес, қарапайым қарағашты егу керек. Бәлкім, бұл жұмыспен Аджип ҚКО мен КРІ бірігіп айналысатын болар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.