2023 жылғы 20 қарашада ұйтқыған жел (екпіні 23-28 м/с дейін) электр желілерін зақымдап, үйлер мен ғимараттардың шатырлары ұшып, Атырау облысы тұрғындарының өміріне тікелей қауіп төндірді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Атырау қаласында Махамбет, 118 Г, Нұрсая, 1, Әуезов, 58, Н.Оңдасынов, 109, Азаттық даңғылы, 133 Б, Азаттық даңғылы, 67, Қ.Ахмедьяров, 19, Байжігітова, 61 мекенжайларында тұрғын үйлердің ішінара шатырлары, қаптамалары, шыны қасбеттері, балкондарының жабындары жұлынды. Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарын пайдалана отырып, құрылыстардың апатты бөліктерін бекітіп, бұзылған бөлшектерді алып тастап, жолдарды бүлінген шатыр конструкцияларынан тазартты.
Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Келіп түскен қоңыраулар санының көптігін, құрбандар мен зардап шеккендердің жоқтығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласының іргесіндегі елді мекендердің тұрғындары табиғаттың дүлей мінезінің салдарынан жарықсыз қалған еді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ