«Рыбник» бау-бақша қоғамының тұрғындары «АЖ» редакциясына хабарласқан еді. Олардың айтуынша, түнде үйлеріндегі жарық сөніп қалған.
«Бәрінде қазандық бар, үй суық, тоңып қалдық», - дейді бау-бақша қоғамының тұрғындары.
Дәл осындай проблема КСМ, Химик, Железнодорожник, Көкарна және Курилькино ауылдарында да бар екен.
«20 қарашада ауа райының күрт өзгеріп, қатты жел тұруына байланысты сымдар үзілді. Жөндеу жұмыстарына ауа-райы кедергі келтіруде, бірақ жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта гидравликалық көтергіш жұмылдырылды», - деп жауап берді «Атырау Жарық» баспасөз қызметі.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА