Атырау, 26 қараша 13:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жөндеуге келмейтіндіктен күреу қарастырылады

932 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ тікелей эфирде ата-аналардың сұрағына жауап беру кезінде күтпеген жерден Авангард ықшамауданындағы №30 мектеп мәселесін қозғады. Әкім орынбасары мектептің жөндеуге келмейтінін, сондықтан оны бұзу қарастырылатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, жергілікті билікке мектепті өткен оқу жылының сәуір айында  аяқасты жабуға мәжбүр болған еді.

«Мектеп 2000 жылдардың басында салынған. 2007 жылдан бастап шатырдан су кету проблемалары басталды. Себебі  мектептің төбесі тегіс битум мастикасымен құйылған. Бұл өңірдің жазғы, қысқы ауа райына шыдамай, мектеп тоза бастаған. Жыл сайын жөнделіп, соңғы жылы төбе мүлдем жарамсыз болды», - дейді Ж.Бисембиев.

Оның айтуынша, ескі мастика қабатын алып тастап, шатырды жаңа битум қабатымен толтыру – бұл мәселені шешу жолы емес. Мектептің төбесін шатырмен көлбеу етіп жабу нұсқасы қарастырылды, бірақ мектептегі кабинеттердің 50-60 пайызында терезесі төбеде орналасқан.

«...Сондықтан шатырмен жапсақ, кабинеттерде жарық болмай қалады, - дейді әкім орынбасары. - Табиғи жарық болмаған соң мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді. Сондықтан әлі де шешімін қарастырып жатырмыз».

Қарастырылып отырған нұсқалардың бірі – мектеп ғимаратын бұзып, орнына жаңа мектеп салу.

«Жайлы мектеп» жобалары шыққан соң құрылыс жүргізу жұмыстары тез жүзеге асады. Сонымен қатар, № 30 мектептің орналасқан жері де өте жақсы. Оқушыларды жақын маңдағы мектептерге таратамыз, бірақ заңды тұрғыда мектеп жабылмайды – педагогикалық ұжым штатта қала береді. Біз көп жылдар бойы жинақталған мәселені шешумен күресіп жатырмыз. Сондықтан аздап шыдамдылық танытуды сұраймыз», - деді ол.

 Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет

20 қараша 2023, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.