Атырау, 26 қараша 13:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2024 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді

744 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Бал мырзамен және су ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia (BPCA) бағдарламасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Нұржан Нұржігітов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ететінін, сондықтан еліміз Орталық Азия мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Министр Қазақстан Мемлекет басшысының өңірде Орталық Азияның барлық елдерінің мүдделерін ескеретін Халықаралық су-энергетикалық консорциум құру жөніндегі бастамаларын іске асыруға ниетті екенін атап өтті.

Елші BPCA-ның бірінші кезеңі аяқталуға жақын екенін айтты, сондықтан қазіргі уақытта бағдарлама өкілдері екінші кезеңде қандай бағыттарды қамту керектігін анықтау үшін Орталық Азия елдеріне барады. Сонымен қатар, Өзбекстанда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қатысатын гидрогеологиялық болжау бағдарламасы іске қосылуда. Бағдарлама Орталық Азия елдері арасындағы су ағындары мен су шығынын бақылауға мүмкіндік береді.

Blue Peace Central Asia өкілдері олардың жобасы бірнеше бағытты қамтитынын атап өтті. Мысалы, Халықаралық Аралды құтқару қоры және Дүниежүзілік Банк іске асырып жатқан Орталық Азия үшін су-энергетикалық бағдарламасы (Cawep) шеңберінде су ресурстарын басқарудың өңірлік институттарын нығайту, сарапшыларды тарту және тәжірибе алмасу, трансшекаралық гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және реконструкциялау, сондай-ақ әртүрлі курстар мен тренингтер арқылы кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

«Келесі жылы біз Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырып жатқан Кіші Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз. Сондықтан біз Blue Peace-пен бірлесіп Орталық Азия елдерінің су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылы мәселелерімен жұмыс істегіміз келеді. Сондай-ақ, біз жаңа кадрлар даярлауға және су саласында жұмыс істеп жүрген мамандарының біліктілігін арттыруға мүдделіміз. Біздің ынтымақтастығымыз тығыз әрі жемісті болады деп сенемін», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

20 қараша 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.