Атырау, 27 қыркүйек 22:15
 ашықВ Атырау +16
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

«Ақ Жайық» газетінің тілшісі Мұрат Сұлтанғалиев медальмен марапатталды

841 просмотра

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру орталығында «Самбо күресін насихаттаудағы ерен еңбегі үшін» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. Марапат алушылар қатарында әріптесіміз де бар.

Мұрат Хасанұлының спорттық атағы жоқ, халықаралық жарыстарға да қатысып көрмеген. Дегенмен, «Қазақстан Республикасының Спорт және жауынгерлік самбо федерациясының» медалі тілшімізге ұзақ жылдар бойы тек самбо ғана емес, жалпы спорттық жарыстардың басқа түрлері бойынша жарыстарды шынайы әрі қызықты етіп оқырмандарға баяндап, жарыққа шығарып отырғаны үшін табыс етілді. Ол тек спортта ғана емес – облыстағы әлеуметтік тіршіліктің қай саласында болмасын әлденеше рет өзекті мәселелерді көтеріп, адал да объективті журналист ретіндегі ұстанымының арқасында ахуалды жақсы жаққа өзгерте білді.

Құттықтаймыз, Мәке!

«Ақ Жайық» газетінің редакциясы

20 қараша 2023, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.