Атырау, 27 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Нсунгуси «Атырау» сапынан кетеді

757 просмотра

Нсунгуси ЭФФИОНГ «Атырау» футбол клубынан кетеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Атырауда» легионер «Кёге» клубынан жалға алу құқығымен ойнады. Енді Дания клубы шабуылшысын сатуға бел буған, алайда бағасы қазақстандық клуб үшін қолжетімсіз болып шықты.

24 жастағы Н.Эффионгқа Еуропадан бір-екі ұсыныс түскенін ескерсек, «Атыраудан» африкалық шабуылшы Венгрия чемпионатына тікелей кетуі әбден мүмкін.

Еске салсақ, «Атырау» сапында Эффионг чемпионатта және кубокта 31 матч өткізіп, 9 гол соғып, 3 нәтижелі доп берді. Қарапайым сөзбен айтсақ, ҚР чемпионатында «Атырау» командасы соның (әрине, Евгений Козловтың да – оның 8 голы бар) арқасында 7-орын алды. Атырау клубы үшін де, атыраулық жанкүйерлер үшін де бұл үлкен шығын.

«АЖ» клуб басшылығына шабуылшының бұрын қанша сомаға жалға алынғанын нақтылауды сұрап сауал жолдады, бірақ олар бұл сауалды елемеуді жөн көрді.

Іңкәр ХАСАН

«Атырау» футбол клубы ұсынған сурет

20 қараша 2023, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.