Атырау, 26 қараша 13:51
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарапшылар Қазақстан Словенияға жол беріп, артта қалмайды деген ойда

813 просмотра

18 ұпай — әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу матчтарындағы Қазақстанның үздік нәтижесі. Бірақ қазір Магомед Адиевтің командасы одан да маңызды нәрсеге қол жеткізе алуы мүмкін: турнирдің соңғы кезеңіне өту. Parimatch сарапшыларымен оның қаншалықты шынайы екенін талқылап көрейік.

21 қараша

1: 45 Астана уақыты бойынша

"Стожице", Любляна, Словения

 Словения

 Словения құрамасы осы іріктеу кезеңінде өзінің бұрыннан келе жатқан мәртебесін растады: алыптардың қатарынан болмаса да, әрдайым әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысуға үміткер команда. Алайда, бұл сирек болып тұратын жағдай — словендер соңғы рет 2000 жылы Еуроға, 2010 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Екі жағдайда да, команда топтық кезеңнен шыға алмаған.

 Словенияның қазіргі құрамасы-мықты команда, бірақ ондағы жұлдыздар қатарынан тек "Атлетико" қақпашысы Ян Облак және РБ "Лейпциг" шабуылшысы Беньямин Шешко ғана бар. Жаттықтырушысына назар аударатын болсақ: 2009 жылы Ресей құрамасын 2010 жылғы әлем чемпионатынан шығарып тастаған кезде словендіктерге көшбасшы болған Матьяж Кек қайтадан көшбасшылық етіп отыр. Еуро-2024 іріктеуіне келетін болсақ, Словения құрамасы оны керемет өткізді - Даниядан жеңілгенге дейін (1:2) команда тіпті топта бірінші орынға үміткер болған. Дегенмен, Хельсинкиде Финляндиядан (0:2) жеңіліс сияқты сәтсіздіктері де болған .

 Словендіктер Қазақстанмен тең есепті шайқасты да қанағат етеді, оған қоса алғашқы минуттардан бастап гол соғуға асығуы екіталай, бірақ қарсы шабуылдарда тиімді болуы мүмкін. Сонымен, Кек командасының бірінші таймда гол соғу ықтималдығын сарапшылар 1.70 - ке бағалап отыр.

 Словенияның соңғы матчтары (4-0-1, 13-4)

 Дания-Словения 2:1

Солтүстік Ирландия-Словения 0: 1

Словения-Финляндия 3:0

Сан-Марино-Словения 0: 4

Словения-Солтүстік Ирландия 4:2

 Қазақстан

 Магомед Адиевтің командасы Сан-Мариномен таңдай қақтыратын ойын көрсеткен жоқ (3:1), бірақ ол тапсырманы орындап, кезекші үш ұпайын жинады. Астанада жанкүйерге толы стадион риза болып, Любляна құрамасын тамаша көңіл-күймен шығарып салды. Жарақат алған Бақтияр Зайнутдинов пен Асхат Тағыберген Словениямен өтетін шайқасқа қатыса алмайды, бірақ Адиев орын алған жағдайға бір амалын қарастырып қойғанына сенімдіміз. Қазақстандықтар тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысу үшін  Словенияны жеңуі тиіс, бірақ қақпасына алғашқы минуттардан бастап голды өткізіп алмауы керек - сарапшылар  "бірінші таймның жалпы нәтижесі 1-ден аз" нәтижесін ықтимал деп санап, оған  1.83 коэффициентін ұсынып отыр.

 Қазақстанның соңғы матчтары (3-0-2, 7-6)

 Қазақстан-Сан-Марино 3: 1

Финляндия-Қазақстан 1: 2

Дания-Қазақстан 3: 1

Қазақстан - Солтүстік Ирландия 1: 0

Қазақстан-Финляндия 0:1

 Словения-Қазақстан матчы қайда көрсетіледі

 Ойынның тікелей эфирін әдеттегідей Kazsport телеарнасынан тамашалауға болады

 Болжам

 Шешуші кездесулерді болжап білу қиын, көп кездейсоқ жағдайлар болып тұрады. Алайда, бір нәрсе анық: дәрежесі жағынан үлкен айырмашылықсыз екі мотивацияланған команда бар. Сондықтан "Қазақстан ұтылмайды" нұсқасына көңіл аударған жөн — оған  2.65 коэффициенті ұсынылған. 

 

20 қараша 2023, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған