Атырау, 23 қараша 12:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Газа секторындағы Әл-Шифа ауруханасынан 31 шала туылған нәресте эвакуацияланды

504 просмотра
Фото:bbc.com

Гуманитарлық миссия уақытпен шектеліп, аурухана ішінде бір сағат болды. Сондай-ақ, құтқару тобы Әл-Шифте көрген жағдайды "үмітсіз" деп бағалады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, соңғы алты апта ішінде таза судың, отынның, дәрі-дәрмектің, азық - түліктің және басқа да қажетті көмектің жетіспеушілігі Әл -Шифа ауруханасының — бір кездері Газа секторындағы ең үлкен, заманауи және ең жақсы жабдықталған аурухананың-іс жүзінде медициналық мекеме ретінде жұмысын тоқтатуына әкелді.

Ауруханаға барған топ қауіпсіздік жағдайына байланысты қызметкерлер ауруханадағы қалдықтарды тиімді түрде жоя алмағанын атап өтіп, дәліздер мен аурухана аумағы медициналық және қатты қалдықтармен, сондай-ақ, басқа қоқыстармен толтырылғанын ескертті. Бұл инфекция қаупін арттырды.

Сонымен қатар, мәлімдемеге сәйкес ауруханада 25 медициналық қызметкер мен 291 пациент қалды, алдыңғы 2-3 күнде бірнеше пациент медициналық көмекті тоқтатудың салдарынан қайтыс болды.

Науқастар арасында ауыр халде жатқан 32 нәресте, желдеткішсіз реанимация бөліміндегі екі адам және диализдегі 22 науқас болды.

Көп ұзамай Палестинаның "Қызыл Жарты Ай" қоғамы 31 шала туылған нәрестені Әл-Шифа ауруханасынан сәтті эвакуациялағаны туралы хабарлады. Неліктен Қызыл Жарты Ай мен ДДҰ тізіміне енген балалардың саны әртүрлі екені әзірге белгісіз.

ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газаның оңтүстігіндегі Рафах БАӘ далалық ауруханасына 31 "шала туылған нәрестені" эвакуациялауды растады және жоспарланған жаңа эвакуациялық рейстер туралы да хабарлады.

Ресми деректер бойынша, бұл құтқару бригадаларының қауіпсіздігіне кепілдік берілген жағдайда жасалады.

20 қараша 2023, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.