Атырау, 23 қараша 12:41
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лондон биржасында мұнай бағасы көтерілді

537 просмотра
Фото: freepik.com

Brent маркалы мұнай бағасы 0,45 пайызға өсті.

Эталондық мұнайдың әлемдік бағасы өткен аптада қатты құлдырағаннан кейін көтеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:27-дегі сауда деректері бойынша 0,45 пайызға өсіп, барреліне $80,98 құрады.

Қаңтарда жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,48 пайызға өсіп, барреліне 76,41 долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 4,45 пайызға арзандап, барреліне 77,56 долларды құрады.


20 қараша 2023, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.