Атырау, 25 қараша 18:19
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бекет жабылды

3 008 просмотра

8 мамырда Атырауда «Нұр Отан» ХДП-ның браконьерлікпен күрес жөніндегі пилотты жобасы шеңберінде құрылған партиялық бақылау бекеті жабылды.

Бекет биылғы жылдың 14 ақпанында құрылған еді. Оған Бауыржан БИМУРЗИН басшылық етіп, құрамына Қалыбай ӨТЕПОВ, Қайыржан МАҚАШЕВ (барлығы да балық қорғау қызметінің бұрынғы қызметкерлері), қалалық мәслихаттың депутаты Аркадий КИМ мен Асқар ӨТЕБАХОВ кірді. Бекет, партияның жоспары бойынша, 22 нысанды (әсіресе өзеннің сағаларын) бақылау алуға тиіс болды. Балық қорғау қызметі мен су полициясы бастапқыда бұл идеяны қолдамады Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр?» жарияланымын қараңыз), бірақ кейін олардың және қалалық «Нұр Отан» филиалының арасында біріккен іс-шаралар жоспарына қол қойылды Партияның «Керек!» сөзіне комсомол «Құп!» деп, бас иді» жарияланымын қараңыз).

Қ. Өтепов әңгімелейді:

– Ережеге сәйкес, біз браконьерлік туралы ақпарат жинаумен айналысуға тиіс болдық. 3-4 наурызда Дамбы балық инспекциясы бекетінен өзен ағысы бойымен төмен жүз метрдей жерден балық тиеген мотоциклдер мен «Пегас» әуе жастығы бар катерлердің еш кедергісіз балық қорғау бекетінің жанынан өтіп жатқанын бейнетаспаға түсіріп алдық. Мотоциклдер тиелген балықтың ауырлығынан ауып кете жаздап бара жатыр. Төменгі сағалардағы ұйымдасқан браконьерлікпен балық аулау ауқымы туралы бір «Пегас» катерінің кем дегенде 40 мың доллар тұратындығынан-ақ жоруға болады. 23 наурызда біз «дневка» кезінде, яғни балық демалысы күнінде «Амангелді» өндірістік кооперативінің аумағында 24 тонна қара балықтың түсіріліп жатқанын куәландырдық («Бақылау бекетіндегі өз адамы-2 немесе айқас алаңына барлау» жарияланымын қараңыз). Рейдке қаржы полициясының қызметкерлері қатысты. Дегенмен де, қаржы полициясы кейін балықшылар әрекетінде қылмыс құрамы болған жоқ деп мәлімдеді. Біз анықтаған балықты заңсыз аулаудың басқа фактілері де болды.   

Қазір партиялық бақылау бекетінің жабылуына байланысты материалдар менде жатыр. Мен қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің мүшесі ретінде бастаған істі аяғына дейін жеткізбекпін.

Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы (балық қорғау) инспекциясының бастығы Әлібек БҰХАРБАЕВ пен облыстық табиғат қорғау прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН осынау атышулы «Нұр Отан» жобасының жабылғаны туралы естімегендіктерін желеуретіп, түсінік беруден бас тартты.

Ал партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Серік БАЙМҰҚАШЕВ былай деп комментарий берді:

– 6 мамырда маған облыстық филиалдан қоңырау шалып, осынау пилотты жобаның аяқталғаны туралы хабарлады. Шынымды айтсам, осының бәрі аяқталғанына қуаныштымын, өйткені құқыққорғау органдары бұл жобада бізбен бірлесіп әрекет еткен жоқ, біз олар үшін бөтен болдық. Екінші жағынан алып қарасақ, бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Мен Бимурзин пен Өтепов секілді кәсіпқойлармен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Олар жақсы адамдар. Даурықпа басталғаннан кейін көп адамдар Бауыржанның атына күйе жағуға тырысып, неше түрлі әңгімелер айтты. Бізге құқықтық статистика орталығына өткен өмірінде оған қарсы қылмыстық іс қозғалған ба деген сауалды жолдауға тура келді. Қозғалмаған деген жауап келді. Менің өзіме бірнеше рет қоңырау шалып, қоқан-лоққы көрсетті. Бүкіл материалдарды біз қаржы полициясы мен облыстық прокуратураға жолдадық. Ол жерде 3-4 ірі қылмыстық істің фактілері жинақталды деп ойлаймын. Мен көктемгі балық аулау маусымының аяқталуына байланысты 8 мамырда партиялық бақылау бекетін жабу туралы бұйрыққа қол қойдым. Егер партия браконьерлікпен күресті қайтадан қолға алса, біз келісеміз. Біз енді нағыз «балықтың» қайда екенін білеміз.      

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 мамыр 2013, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.