Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Исатай ауданы Жанбай ауылынан теңіздің қаншалықты алыстап кеткені көрсетілген видеоролик түсірді.
Жанбайдың балықшылар ауылы екені белгілі. Тұрғындарының басым бөлігі Каспий теңізінде балық аулаумен айналысады.
«90-шы жылдардың аяғында теңіз суы басып қалады деген қауіппен ауылды көшірмек болды. Бірақ соңғы 20 жылда теңіздің ауылдан қашықтап кеткені сонша, тіпті жағасы да көрінбейді...» дейді блогер.
Жергілікті тұрғындар жыл сайын судың ауылдан бірнеше метрге алыстап жатқанын байқайды екен.
«Далада жатқан сынық катерлер мен қайықтарды көрген сондай қорқынышты екен...», - дейді Азамат Сәрсенбаев.
Жомарт ӘМІРХАНОВ