Атырау, 26 қараша 13:21
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Т. Амандосов атындағы мектепте «өлі жандар» 7 жыл бойы жалақы алып келген

1 313 просмотра

2017-2023 жылдары жалған жұмыспен қамтылған алты жұмысшы 5 миллион теңгеге жуық қаражат алған, деп хабарлады «Әділдік жолы» РҚБ Атырау филиалы.

Сыбайлас жемқорлықпен күрескен еріктілер бірнеше ай бойы тексеру жүргізіп, мектеп директорларының бірі өз туыстарын жұмысқа жалған орналастырып, олардың жалақысын алып отырғанын әшкереледі. Осылайша, облыстағы 12 мектепте жұмыс істейді деген 41 адам бюджетке 90 миллион теңге шығын келтірген.

Қоғамдық бірлестіктің облыстық филиалына Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан Т.Амандосов атындағы орта мектепке қатысты 3 арыз қатар түскен.

Құқық қорғау органдарының тексеру нәтижесі бойынша, атап айтқанда, оқу орындарында біліктілігі болмаса да жұмысқа қабылданған 4 қызметкер де анықталды: олардың бейінді мамандығы бойынша дипломдары болмаған. Бұл қызметкерлерге еңбекақы төлеуге 19 236,3 мың теңге бөлінген.

2017-2023 жылдары жалған жұмыспен қамтылған алты жұмысшы 5 млн теңгеге жуық қаражат алған. Бүгінде Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 4 млн теңгені бюджетке қайтарды.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

19 қараша 2023, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.