17 қарашада Атырау-Орал тасжолының 183-шақырымында көлік жүргізуші жылдамдықты асырып, патрульдік полицияның талабына тоқтамаған. Құқық бұзушы кейін Индерборға бара жатқан жолда тоқтатылды, бұл үшін тіпті қызметтік көліктерден қоршау жасап, жолды жабуға мәжбүр болды.
Алайда іс мұнымен бітпеді. Полицейлер жақындаған кезде жүргізуші жылдамдықты қайта көтеріп, патрульдік полиция инспекторының аяғын басып кетіп, қоршаудан өте алмай тұрған жол бойындағы басқа көліктерге апатты жағдай туғызып, қашып құтылмақ болған. Полицейлерге тіпті ескерту мақсатында аспанға екі рет және жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте оқ атуға тура келіпті.
Медициналық сараптама нәтижесінде 1989 жылғы жүргізушінің сау екені, бірақ көлік басқаны екені анықталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 2-бөлігімен, 601-бабы 1-бөлігімен, 606-бабы 1-бөлігімен, 613-бабы 1- бөлігімен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету») бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА