Атырау, 26 қараша 13:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарапшылар Бразилия мен Аргентинаның күштері теңдей деп санайды

1 058 просмотра

Алдағы уақытта Оңтүстік Америкада алыптар шайқасы өтеді: Әлем чемпионатына іріктеу шеңберінде Бразилия мен Аргентина ойын алаңында бас түйістіретін болады.  "Селесауды" Неймарсыз не күтіп тұр және Месси қандай дайындықта? Осыны сарапшылармен талқылап көрейік.

 Бразилия

"Селесау" мундиалға іріктеуді жақсы бастады – Боливияны жеңу (5:1) және қонақ алаңында Перуге қарсы шайқастағы жеңіс (1:0) 5 дүркін Әлем чемпиондары әлі де мықты екенін анық көрсетті. Бірақ содан кейін жағдай үзілген моншақ секілді болып кетті: алдымен Венесуэламен ойында жеңісті уысынан жіберіп алды (1:1), содан кейін сәтсіздіктер легі бастау ала берді. Уругваймен болған матчта Неймар тізе буынын зақымдап, өзіне 9 айға демалысты қамтамасыз етті, ал бұл жағдай ұлттық құраманың мықты шабуылдаушы күшінен айырулуға әкеліп соқтырды. Нәтижесінде – қатарынан 2 жеңіліс: Нуньес пен оның командасынан 0:2 және Колумбиядан 1:2 - бразилиялықтар есеп жүргізіп келе жатқан еді, бірақ Луис Диастың қос голы бәрін бүлдірді.

 Аргентинамен бірге Бразилия өз ойын алаңында шайқасады, оған қоса бірқатар жеңілістері де бар. Демек, "селесау" бар күшімен шабуылдауға кірісіп, мүмкіндігінше ертерек гол соғуға тырысады. Parimatch сарапшылары бразилиялықтар үзіліске дейін шот ашады деп, оған 2.44 коэфициентін ұсынуда.

 Аргентина

Ал " альбиселесте" болса, өткен турға дейін қателіктерге жол бермей келген – 4 ойында 4 "құрғақ" жеңіс. Оның үстіне, олардың екеуін Эквадордың қорғанысын бұзып (1:0), Перуге барғанда дубль (2:0) жасап,  Лионель Месси өндірген. Бірақ Уругвайға қарсы өткізген өз ойын алаңындағы матчта бір нәрсе болды: аргентиналықтар 0-2 есебімен жеңілді, ал Леоны матчтан байқай алмадық.

 Аргентина шабуылдаушы футболды ұстанады, бірақ ойын барысында ұзақ уақыт жинақталады. Бразилияда "альбиселесте" алғашқы минуттардан бастап қақпаға қарай бет алуы екіталай, бірақ матч соңына қарай олар гол соғуға тырысып бағады. Міне, сарапшылар шайқастың соңғы голын аргентиналықтар соғатынына сенімді: мұндай нәтижені олар 2.17-ге бағалаған.

 Аналитика мен болжам

Иә, "селесау" Неймардан айырылды, бірақ олардың шабуылдаушы күші әлі де жеткілікті. Винисиус пен Габи Джезустан басқа, командада "джокер" деп ұстап отырған Родриго бар және тұрақсыз болса да, өте керемет ойыншы Мартинелли де бар. Аталған факторлар, сонымен қатар өзінің ойын алаңы Бразилияны матчтың фаворитіне айналдырады: оларға  2.75, ал Аргентинаға 3.00 коэффициенті берілген.

 Бірақ "альбиселесте" жеңісті олардың уысына ұстатып жібере салмайды – олардың жақсы қорғанысы бар, оған қоса Месси Уругваймен өткен матчтан кейін оянуы әбден мүмкін. Parimatch сарапшылары ойында екі команда да гол соғады деп санайды, бірақ жалпы тотал 3,5-тен төмен болады: бұл нұсқаға ұсынылған коэффициент 3.15-ке тең

17 қараша 2023, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған