Атырау, 26 қараша 13:52
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өрт шыққан үйден 81 жастағы әже құтқарылды

1 099 просмотра

17 қараша күні сағат 15:10-да Байтақ ықшамауданында  орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті.

Атырау облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері шақырту орнына жетіп, жалпы ауданы 260 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үйдің жанып жатқанын анықтады.  Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Нұрлыбек ҚАТАПОВ кезекшіліктен тыс уақытта өрт шыққан үйдің маңынан өтіп бара жатып, өртті байқаған. Дереу өрт шарпыған үйге кіріп, 81 жастағы әжейді құтқарып алды. Зардап шегушіні жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Қарияның ІІІ дәрежелі күйік алғандығы анықталды. Қазіргі уақытта облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Өрт 16:29 сағатта толықтай жойылды. 20 өрт сөндіруші мен 4 техника өртті сөндіруге  жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.  Атырау облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 

17 қараша 2023, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.