Атырау, 6 қыркүйек 18:06
 дождьВ Атырау +29.5
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Бейнежазба
1 091 рет қаралды

Атырау теміржол вокзалында күшті әсер ететін улы зат, атап айтқанда күкірт қышқылы төгілуімен болған теміржол апатын жою дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алгоритм бойынша: құлақтандыру, барлау жүргізу, қоршау, зардап шегушіні эвакуациялау, ТЖ салдарын оқшаулау және жою іс-қимылдары пысықталды.

Оқу-жаттығуға 150 адам және 30 техника жұмылдырылды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

17 қараша 2023, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.