Кинологтар іздеу жұмыстарының үшінші күнінде жоғалған 20 жастағы бойжеткенді Жұмыскер ықшамауданында орналасқан қараусыз тұрған сарайдан тапты.
Еске салсақ, 2003 ж.т. азаматша 14 қарашада сағат 21:50-де белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары ТЖД-ға көмек сұрап, жүгініп, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.
ТЖД күштері мен құралдары екі күн бойы Жайық өзені жағалауын, саяжай учаскелерінен иттің көмегімен іздестірді. Қыз үшінші күні Жұмыскер ықшамауданындағы қараусыз қалған сарайдан табылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 қызметкер, 1 кинологиялық бөлімше, 1 ТЖД техникасы жұмылдырылды.
Оқиғаның себептері анықталуда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА