Атырау, 26 қараша 13:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алтынай Серікова Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына ұсынылды

915 просмотра
atr.sud.kz 

ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі 2023 жылғы 18 шілдеде сот алқалары, аудандық соттар төрағаларының және облыстық ведомство судьяларының бос лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындысын шығарды.

Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына 5 үміткер өтініш білдірді. Конкурс қорытындысы бойынша Жоғарғы Сот Кеңесі Атырау қалалық сотының судьясы лауазымына 1975 жылы туған, облыстың тумасы Алтынай Серікованы ұсынады. Үміткердің заңгерлік өтілі 20 жыл, оның ішінде 9 жыл аудандық сот судьясы лауазымында еңбек еткен.

А.Серікова облыстық соттың қоғамдық кеңесі мен пленарлық отырысынан оң қорытынды алды. Қалалық сотта 2014 жылдан бері жұмыс істейді.

Еске салайық, судьялар ҚР Президентінің жарлықтарымен тағайындалады.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

17 қараша 2023, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.