Атырау, 26 қараша 13:38
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жұртты дүрліктірген жанжалқор шатырда ұсталды

1 103 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

15 қараша күні кешкі сағат 10 шамасында қала тұрғыны Атырау қаласы полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөліміне Азаттық даңғылы бойындағы пәтерлердің біріндегі отбасылық жанжал жөнінде хабарлама берген.

Тексеру барысында 1979 ж.т. азамат мас күйде үйді жарып жіберемін деп қорқытқан. Оның 1975 ж.т. әйелі мен баласы үйден шығып кеткен. Оқиға орнына "АтырауГазАймақ" АҚ, ТЖД және жедел-жәрдем қызметкерлері шақырылған. Полицейлерге бағынбаған азаматты үйдің шатырынан ұстады. 

- Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер»), ҚР ӘҚБтК 438-бап («Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру»), ҚР ӘҚБтК 667-бап («Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау»), ҚР ӘҚБтК 669-бап («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Айта кетейік, бұл азаматқа қатысты осы жылдың 5 қарашасында сотпен 1 жыл мерзімге ерекше талап орнату қаулысы шыққан.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 қараша 2023, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.