Атырау, 26 қараша 13:47
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Есірткі, балық, қару және психотроптық препараттар: полицейлер күдіктіні ұстады

Сурет
930 просмотра

14 қараша күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Көктем ықшам ауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 ж.т. қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды ведомствоның бапасөз қызметі.

Мекен-жай бойынша тексеру кезінде 996 дана әсері жоғары түрлі психотропты препараттар, сондай-ақ 29 дана бекіре тұқымдас балықтары, тіркелмеген атыс қаруы және полиэтилен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді.  Сот сараптамасы бойынша бұл заттың кептірілген марихуана екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

16 қараша 2023, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.