Атырау, 19 қараша 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

«GPC Investment» ЖШС директорының орынбасары тағайындалды

689 просмотра

Жомарт Жасанов «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «GPC Investment» ЖШС директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Жомарт Жасанов Рожковское кен орнын игеру жұмыстарын басқарған. 2019-2020 жылдар аралығында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Жомарт Жасанов «Газ-мұнай құбырлары және газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша М. Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар Академиясын тәмамдаған.  
Еңбек жолын «Казгипрогаз» ЖШС технология бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында «Казстройсервис» АҚ еңбек етті. Газ кен орындарына бағытталған жобаларды басқару, газды дайындау қондырғылары мен магистральды газ құбырларын салуда көп жылдық тәжірибесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, «GPC Investment» ЖШС Қашаған кен орнындағы шикі газ негізінде қуаты 1,15 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасының операторы.

2022 жылдың маусым айында жеке инвестор жобадан шығып, компания «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына өтті. Ал 2023 жылдың 10 тамызында Марат Ещанов «GPC Investment» ЖШС бас директоры болып тағайындалған еді. 

8 қараша 2023, 08:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.