Атырау, 4 маусым 12:59
 дождьВ Атырау +21.6
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

АМӨЗ жөндеу жұмысын аяқтады

1 428 рет қаралды

Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі. 

"Атырау мұнай өңдеу зауытында 17 қазан – 2 қараша аралығында жөндеу жұмыстары аяқталды.Жалпы зауыттың шаруашылық, алғашқы өңдеу және мұнайды қайта өңдеу нысандарының көп бөлігі, соның ішінде терең өңдеу кешені қалыпты пайдалану режиміне енгізілді.

Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ 60% - ға жүктелді, объектілерді кезең-кезеңімен жөндеу және іске қосу жалғасуда.

Шымкент және Павлодар МӨЗ 95% - ға жүктелді және қалыпты пайдалану режимінде жұмыс істеуде.

Еліміздегі мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті және уақтылы толтырылуда", делінген хабарламада. 

3 қараша 2023, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.