Атырау, 19 қараша 14:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

NCOC: «Күкірт үшін салынған айыппұлдар туралы бейхабармыз»

1 077 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Әлеуметтік желіде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың жоқтығынан Қашағанда 1 қарашада өндіріс толығымен тоқтатылуы мүмкін деп жазып жатыр. Бұл қаншалықты рас? Біз NCOC-қа сауал жолдап, баспасөз қызметінен жауап алдық.

– NCOC қай жылы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алмады? Көпшілікке таралған ақпаратта бұл рұқсатты алуда қиындықтар туындауы мүмкін екені көрсетілген. Бұл мәселелер Экология министрлігінің Қашағанда мемлекет рұқсат еткен күкірт екі есе көп сақталғаны үшін NCOC-тан 2,3 триллион теңге (қазіргі бағам бойынша 5,1 миллиард доллар) көлемінде экологиялық айыппұл төлеуді талап еткен мәлімдемесіне қатысты ма?

- NCOC СКӨБК шеңберінде Оператор ретінде өз қызметінде экологиялық рұқсаттарды алуды талап ететін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтайды.

Қазіргі уақытта NCOC экологиялық рұқсаттарын алып, өндірістік қызметін жалғастыруда.

– Компанияның сот арқылы айыппұл сомасын азайтуға қол жеткізгені туралы ақпаратқа түсініктеме берсеңіз. Компания сот арқылы қандай экологиялық айыппұл төлеуі керек еді? Қандай бұзушылықтар үшін?

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары NCOC нысандарына экологиялық тексеру жүргізді. Операторда күкіртті сақтауға байланысты салынған айыппұлдар туралы ақпарат жоқ.

NCOC күкіртке қатысты жұмыстарды жауапкершілікпен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Айнұр САПАРОВА

1 қараша 2023, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.