Атырау, 25 қараша 18:20
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құмдаланың құпиясы

4 515 просмотра

Сіздер құртқашаштың не екенін білесіздер ме? Оның хош иісі көп адамға беймәлім. Алайда оның пайдалы қасиетін бағалай алатын адамдар да бар бүгінде.

Бірде біз Индер ауданы бойынша алыс сапардан ораларда жол-жөнекей «Үшаша» қыстағына түскі асымызды ішіп, әл жинап алу үшін тоқтадық. Құдайы қонақ келгендей бізді қарсы алған қыстақ иелері бізге дастархан жайып, алдымызға ақ ұсынды. Көпіршіген сап-салқын шұбаттарының дәмі бөлек екен. Үй иесі Үзілдік апа (суретте) менің шұбаттан ауыз тиген соң, кесемді ысырып қойғанымды көріп:

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:  Құртқашаш— шөптесін дала өсімдігі. Жапырағы сүйір, гүлдері қос жынысты, ірі болады. Сәуірден шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді. Жемісі - көп тұқымды қауашақ. Тұқымы жел арқылы таралады.

- Құртқашаштың дәмі ерекше болады! – деді.

-Қаланың су араласқан шұбатын ішіп үйренгендер құртқашашты қайдан білсін,- десті дастарханның арғы шетінде отырғандардың бірі. 

Ал мен қызығушылық танытып, бал татыған шұбаттың сырын ашуға тырыстым.

- Құртқашаш деген шөп құмда, далада өседі, - деп әңгімесін жалғады Үзілдік апа.- Жыл сайын менің балам құм төсіне барып, жинап келеді. Ол маған келесі жылға дейін жетеді. Бұл өсімдікті әкелгесін күннің көзіне тастап, сәл қуратыңқырап кептіремін. Сосын өртеймін, күлі қалған шамада ыдысымды төңкеріп бірнеше сағат қоямын. Күлдің иісі сіңген ыдысты жуып аламыз. Бірақ күйік иісі бірден кетпейді. Біз қысы, жазы шұбатты соған сақтаймыз. Құртқашаштың ерекшелігі сол, ыдысқа шыбын, басқа да жәндіктер жақындамайды және сақталуына берік сенімдісің. Ертеде тоңазытқыш болмағанда осы құртқашаштың күліне еттерді де сақтаған. Құртқашашқа сүрленген еттің дәмін кейінгілер ұмытты ғой.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.