«Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты бірнеше кен орындарының тоқтатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Орда.kz - ақпараттық-талдамалық порталының материалында көрсетілген РВС – 2000 м3, РВС -1000 м3 цистерналары мен бу қазандығы жұмысын тоқтату туралы ақпаратқа қатысты «Ембімұнайгаз» АҚ төмендегіні хабарлайды:
№4 РВС -2000 м3 Забурын кен алаңында орналасқан. «Забурын» мұнай дайындау және айдау орталығы 1989 жылы іске қосылған. Онда 7 РВС, оның ішінде №4 РВС -2000 м3 бар. Бүгінгі таңда мұнай өндіру көлемінің төмендеуін ескере отырып, тек 5 РВС қана жұмыс істеп тұр. №4 РВС -2000 м3 тозуына байланысты пайдалануды тоқтатып, оны істен шығару жөнінде акт жасау туралы шешім қабылданды. 2023 жылдың 20 маусымында бұл нысанды пайдаланудан шығару үшін ақауларды қайталап анықтау туралы №101 бұйрығы шықты. Қазіргі уақытта резервуарды қолданыстағы құбыр жүйесінен ажырату, сондай-ақ, демонтаждау жобасына қосу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты аяқтау мерзімі- 01.01.2024 жыл.
№3 РВС – 1000 м3 «Ботахан» кен алаңында орналасқан. Мұнда ұңғымалардың сұйықтығы жиналып, алғашқы дайындау жұмыстары жүргізілген соң, мұнайды сатылатын тауарлық стандартқа дейін дайындау үшін «Қарсақ» мұнай дайындау және айдау орталығына жіберіледі.«Ботахан» жинау орталығы жалпы саны 3 РВС қондырғысымен 1993 жылы пайдалануға берілген. Оның ішінде №3 РВС – 1000 м3 бар. Бүгінгі таңда мұнай өндіру көлемінің азаюына байланысты, тек 2 РВС қана жұмыс істеп тұр.
Жоғарыда айтылған №3 РВС – 1000 м3 нысанын тозуына байланысты, сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар бақылау органының нұсқауына сәйкес 2023 жылы пайдаланудан шығару туралы шешім қабылданды (26.06.2023 жылы №111 тиісті бұйрық шығарылды).
Қазіргі уақытта резервуарды мұнай құбырлары және автоматтандыру жүйелерінен ажырату, сондай-ақ, есептен шығару, одан әрі демонтаждау жобасына енгізу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты аяқтау мерзімі- 01.01.2024 ж.
С.Балғымбаев кен алаңындағы ППУА2015 г.в жылжымалы агрегаттың бу қазандығы 2015 жылы шығарылған. Бу қазанының ескіруіне байланысты оны 2022 жылы мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жаңарту бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. 2023 жылы тендердің қорытындысы бойынша жасалған келісім-шарттың талаптарына сай, бұл бу қазандығы жаңасына алмастырылды.
Айта кету керек, жоғарыда айтылған нысандар мұнай өндіру мен өңдеу процестерін жүргізуге қажетті жүзден астам жабдықтардың бірі ғана. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің тексеру қорытындысы бойынша 2 РВС және 1 бу қазандығының тоқтатылуы «Забурын» мен «Ботахан» кен алаңдарындағы өндіріс жұмыстарына әсері жоқ. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру мен тапсыру жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүріп жатыр.
Сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның барлық қондырғылары мен жабдықтарының тозу деңгейін анықтау, жөндеу және жаңаға алмастыру мақсатында дефектоскопия және диагностика жұмыстары бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.